Ағымдағы жылдың 28 наурызында «Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат-колледж” кешені» КММ ұжымы “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсене қатысып, мекеме ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ұжым мүшелері ауладағы қоқыстарды жинап, жасыл желекке қамқорлық көрсетіп, экологиялық мәдениетті насихаттауды басты мақсат етіп қойды. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты таза ұстау - әрқайсымыздың міндетіміз. Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешенінің ұжымы болашақ ұрпаққа үлгі болу жолында осындай экологиялық шараларды үнемі жүзеге асыруда.