“Жасөспірім құқығы мен қауіпсіздігі” тақырыбында өткен тәрбие сағатында жасөспірімдердің құқықтары мен оларды қорғау жолдары, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы сөз болды.

Тәрбие сағатының мақсаты:

жастарға өз құқықтарын түсіндіру,

оларды қауіпсіздік тұрғысынан қорғау,

қоғамдағы жауапкершілік пен тәртіпті нығайту.

Сағат барысында студенттер құқықтық мәселелер мен жасөспірімдерге қатысты заңдар, әсіресе интернетте және әлеуметтік желілерде кездесетін қауіптер туралы ақпарат алды.

Қауіпсіздік шаралары мен өзін қорғау әдістері де қарастырылды. Сондай-ақ, студенттер сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісіп, маңызды тақырыптарды талқылады.