2025 жылдың 7 сәуір күні тәрбиеші Кусакбаева Ж. орта буын оқушыларымен «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс - шараның негізгі мақсаты - оқушыларға буллинг және кибербуллинг ұғымдары туралы жан - жақты түсінік беру, олардың түрлерін ажырату, жағымсыз жағдайлардан қорғана білуге және мұндай әрекеттерге жол бермеуге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылармен ашық әңгіме жүргізіліп, буллинг пен кибербуллингке қатысты бейнероликтер көрсетілді. Тәрбиеші оқушыларға буллингтің психологиялық және әлеуметтік салдары туралы түсінік беріп, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын талқылады. Сабақ соңында оқушыларға «сенім телефондары» мен көмек сұрауға болатын мекемелердің байланыс нөмірлері таратылды. Өткізілген тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мектептегі қауіпсіз және қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған маңызды іс - шара болды.