Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында Ақтөбе облыстық арнайы «Мектеп - интернат - колледж» кешені КММ - де «Құқықтық мәдениет» республикалық құқықтық сауаттылық айлығы акциясының жоспары аясында бірқатар іс - шаралар ұйымдастырылуда.
Солардың бірі - 2025 жылдың 12 сәуірінде колледж тобында білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттері туралы терең түсінік қалыптастыру, құқықтық жауапкершілік жайлы хабардарлықты көтеру мақсатында «ҚАУІПСІЗДІК САБАҚТАРЫ» өткізілді.
Сабақ барысында жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының заңнамалық нормалары, кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтың салдары туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, балалар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері мен олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Іс - шара интерактивті форматта өтіп, оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Жасөспірімдерге нақты жағдаяттар бойынша құқықтық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдаудың жолдары түсіндірілді.