2025 жылдың 16 сәуірінде 1“Ә” сыныбы тәрбиешісі С.Елеуова “Мамандықтар калейдоскопы” атты қызықты әрі танымдық тәрбие сағатын өткізді.
Бұл сабақтың басты мақсаты - оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, еңбекке деген қызығушылықты оятып, мамандық иелеріне деген құрмет пен ризашылық сезімін қалыптастыру болды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы маңызын түсінді. Балалар дәрігер, мұғалім, өрт сөндіруші, аспаз, құрылысшы сынды маман иелері туралы өз ойларын ортаға салды. Бұл әдіс олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, топ алдында өз ойын ашық айтуға баулиды.
Сондай - ақ, оқушылар ата - аналарының мамандықтары туралы мақтанышпен айтып берді.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1120-mamandy-tar-kalejdoskopy-atty-t-rbie-sa-aty.html#sigFreeId5af0b1b0a1







