16.04.2025ж күні мектеп - интернат - колледж студенттері арасында Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Зорлық - зомбылық” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс - шараның мақсаты:
📎 Зорлық - зомбылықтың түрлері мен оның салдары туралы түсінік беру;
📎 Физикалық, психологиялық, отбасылық және мектептегі зорлық түрлері жайлы мағлұмат беру.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге зорлық - зомбылықтың адам психикасына, денсаулығына, болашағына әсері туралы нақты мысалдар келтіріліп, бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақ - жауап форматында пікір алмасты.
Сонымен қатар,1 “ә” класс тәрбиешісі С.Елеуова да осы тақырып бойынша көру қабілетінде бұзылыстары бар бастауыш сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тәрбиеші жас ерекшелігіне сай тілмен балаларға зорлық - зомбылықтың не екенін, одан қалай қорғану керектігін, қандай жағдайда үлкендерге айту керектігін түсіндіріп, жағдаяттар арқылы мысалдар келтірді.
Іс - шара оқушылар мен студенттердің құқықтық сауатын арттырып, қауіпсіз мінез - құлықты қалыптастыруға бағытталды.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1128-zorly-zombyly-adamgershilikke-zhat.html#sigFreeId1418802c56







