Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатындағы "Құқықтық мәдениет" республикалық құқықтық сауаттылық айлығы акциясының жоспары аясында “Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп - интернат - колледж" кешені” КММ тарих пәнінің мұғалімі А. Есіркепов ата - аналарға арналған "Оқушы және ата - ана құқығы" тақырыбында құқықтық дәріс оқыды.
Мақсаты: ата - аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру
Аталған дәріс өте мазмұнды әрі пайдалы болды. Дәріс барысында мұғалім ата - аналарға бала тәрбиесінде құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланыстың негізінде оқушының дамуына қалай ықпал етуге болатынын атап өтті.

Мұғалім ата - аналарға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сүйене отырып, келесі маңызды жайттарды түсіндірді:

Ата - аналардың құқықтары:

Баласының білім алуына, дамуына және қорғалуына жағдай жасау;

Мектептің оқу - тәрбие процесіне қатысу;

Білім беру мекемесінің жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныс жасау;

Баласының мүддесін қорғау.

Ата - аналардың міндеттері:

Баласының білім алуына жағдай жасау;

Мектеппен тығыз қарым - қатынаста болу;

Баланың тәртібі мен оқу үлгерімін бақылау;

Құқықтық және моральдық тәрбие беру.

Сондай - ақ дәріс барысында ата - аналарға балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған халықаралық құжат – Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы жөнінде де мағлұмат берілді. Мұғалім ата - аналарға баланың тұлға ретінде дамуына қолдау көрсету, оның пікірін тыңдау және оны шешім қабылдау процесіне қатыстыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Дәріс соңында ата - аналар тарапынан сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасу өтті. Ата - аналар баланың құқықтық тәрбиесі мен мектеппен байланыс орнатудың маңызын түсінгендерін айтып, мұндай кездесулердің жиі өткізіліп тұруын қолдайтындарын білдірді.