2025 ж. 21 сәуір күні орта буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің “Сәлем, саған туған жер!” атты апталығының ашылу шарасы өтті.
Мақсаты:
❇️туған жердің мәдениеті мен тарихын насихаттау,
❇️балаларға патриоттық тәрбие беру
 
Шара барысында оқушыларға туған жердің табиғи байлықтары, мәдени мұрасы және ұлттық құндылықтары туралы мәліметтер беріліп, оқушылар түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Сондай-ақ, бірлестік жетекшісі Л.Тажбенова апталық жоспарымен таныстырып өтті. Апталық барысында тақырыпқа сай тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс шаралар өткізу жоспарланған. Бұл іс-шаралар арқылы балаларға патриоттық тәрбие беру, ұлттық рухты жетілдіру және байланыстырып сөйлеу дағдыларын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдау басты назарда болмақ.