21.04.2025ж. 6 “ә” класс тәрбиешісі Л.Ж.Тажбенова «Өлке тарихы: Қобыланды батыр кесенесі» тақырыбында виртуалды саяхат сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
❇️«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде халқына деген сүйіспеншілігін білдіру және ұлттық мәдениетті құрметтеу;
❇️ оқушылардың тарихқа деген құрмет сезімдерін арттыру;
❇️ оқушыларды туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу;
❇️ топтық жұмыс арқылы бір-біріне көмек қолын беруге және көркемділікті сезінуге баулу;
❇️оқушылардың саналы түрде байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытып, сөздік қорын молайту.
Сабақта оқушылар Ақтөбе облысы, Қобда ауданындағы Қобыланды батыр кесенесіне виртуалды саяхат жасап, қызықты мәліметтермен танысты.
Негізгі бөлімде оқушылар Қобыланды батырдың ерлігінен қойылым көрсетіп, шығармашылық шеберліктерімен танылса, сабақты қорытындылау кезеңінде түрлі деңгейлік тапсырмаларды қызыға орындады және сұрақтарға белсене жауап беріп, алған әсерлерімен бөлісті.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1141-lke-tarikhy-obylandy-batyr-kesenesi-virtualdy-sayakhat-saba-y.html#sigFreeIdd3d500c764







