Құдайберген Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері мен оқытушысы Ибрашева Алмагүл Жауынгереевна ынтымақтастық пен қайырымдылық рухында әдемі іс - шара ұйымдастырды.
“Экономика және құқық” факультетінің жастары Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат колледж” кешенінің оқушыларымен бірге уақыт өткізіп, оларға ойын - сауық бағдарламасын ұсынды.
Сонымен қатар, студенттер мектеп ауласына раушан гүлдерін отырғызып, ортақ жасыл кеңістікті көркейтуге үлес қосты.
Бұл іс - шара тек қайырымдылық акциясы ғана емес, сонымен бірге ерекше мүмкіндіктері бар балаларға деген қоғамдық қолдаудың нақты мысалы болды. Өзекті әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысқан университет қауымына алғыс білдіреміз!
https://sch.edugov.kz/kz/247/1145-yntyma-tasty-sharasy.html#sigFreeId38a99d88a8







