Орта буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің “Сәлем саған, туған жер!” атты тақырыптық апталығы жоспарына сәйкес 23 сәуір күні 5 “ә” класс тәрбиешісі Ж.Боранбаева “Туған жерім - Қазақстан” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты:

оқушылардың туған өлкенің көрікті жерлері туралы білімдерін дамыту;

оқушыларды туған жерін құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды білуге тәрбиелеу;

сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Сабақ барысында оқушылар туған жері Қазақстан , туған қаласы Ақтөбеге бейнебаян арқылы саяхат жасап, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақ нәтижесінде оқушылар ел тарихы, ұлттық құндылықтар туралы білімін арттырды.