2025 жылдың 24 сәуірінде тәрбиешілер Ж.Кусакбаева және Г. Сейтжапарованың ұйымдастыруымен орта буын оқушылары мен ата - аналардың қатысуымен «Біз - туған жердің перзентіміз» атты спорттық сайыс өтті. Мақсаты:
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру негізінде ұлттық ойындар тарихын жандандыру, ұлттық ойындар туралы білу.
Ұлттық құндылықтарды қадірлеу, патриоттық сезім қалыптастыру, өз Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.
Оқушылардың белсенді өмір салтын ұстануға, ұлт мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтарын дамыту.
Сайысқа төрт оқушы әкелерімен қатысты. Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, өздерінің шапшаңдығы, ептілігі, күш - қайраты мен ұйымшылдығын көрсетіп, үлкен белсенділік танытты.
Жарыс соңында әр жұп номинациялар бойынша марапаттарға ие болды. Сайыс көңілді, қызықты өтті.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1150-biz-tu-an-zherdi-perzentimiz-atty-sportty-sajys.html#sigFreeId323c5c0b88







