Қазіргі таңда қоғамда алаңдатарлық мәселелердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық. Бұл - тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның назар аударатын өзекті проблемасы.

Жасөспірімдер - әлі қалыптасып үлгермеген, мінезі мен көзқарасы тұрақсыз буын. Олар айналасындағы әсерге тез берілгіш келеді. Кей жағдайда отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігі, ата - ана бақылауының аздығы, дұрыс дос таңдамауы, интернеттегі теріс ақпараттар, мектептегі қатыгездік секілді жағдайлар жасөспірімдерді қате жолға жетелейді.

Осы секілді мәселелерді жасөспірім санасына жеткізу және талқылау мақсатында колледждің арнайы пән оқытушылары Г.Исмагилова және С.Жуманбетова “Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді