Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде 1 мамыр мерекесіне орай тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты:
халықтар арасындағы достықты нығайту,осы мақсатта оқушылардың ынтымақтастық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Сабақ барысында өзге ұлт өкілдерінің ұлттық салт-дәстүрлері,киім үлгілері туралы түсінік берілді. Оқушылар ынтымақ мерекесі туралы ақпараттармен танысты. Сондай-ақ, балаларға достықтың маңыздылығы, ұлттар арасындағы бауырластық пен сыйластықтың маңызы туралы түсіндірілді. Оқушылар тақырыпқа қатысты ойындар мен тапсырмаларды бірлесе, қызығушылықпен орындады.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1157-1-mamyr-merekesine-oraj-t-rbie-sa-attary.html#sigFreeIde2a38c697c







