2025 жылдың 29 сәуір күні 5- 8 сынып оқушыларымен 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты 3 кезеңнен құралатын интеллектуалдық сайыс өтті.

〽️Бірінші кезеңде оқушылар өз топтарын таныстырды. Таныстыру барысында оқушылар топтың атын және ұранын шығарды.

〽️Екінші кезеңде оқушылар сқырлы ұяшықтарды таңдай отырып, тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беріп және мақал-мәтелдерді тапты.

〽️Сайыстың үшінші кезеңінде оқушылар белгілі бір ұлтты таңдап, сол ұлттың халқын, мәдениетін, тарихын таныстырды.

Барлық оқушылар қызығушылықпен қатысып, белсенділік көрсетті.