Ұлы Жеңіс күніне орай Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде  бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары және колледж студенттеріне «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты тағылымды тәрбие сағаттары  өтті.

Бастауыш буын оқушыларымен тәрбиеші А. Жетибаева өткізген  тәрбие сағаты барысында оқушылар Ұлы Отан соғысының мән-маңызы, батырлардың ерлік жолдары туралы мәлімет алып, олардың Отан үшін жасаған жанқиярлық істерімен танысты. Шара Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ерлік пен батырлықты қадірлеуге, бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға бағытталды.

Орта буын оқушыларына  тәрбиешілер елін жаудан қорғаған ер жүрек батырларымыздың өмірі мен ерлігі туралы мағлұмат берілді. Шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, елжандылыққа тәрбиелеу, ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуге баулу болды.

Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері де тәрбие сағаты аясында майдангерлерге тағзым етіп, олардың ерлігін жүрекпен сезінді. Ерлік пен елдік, тарих пен тағылым туралы әсерлі естеліктер айтылып, жүректер тебіренді.

Жеңіс – біз үшін Тарих. Тағылым. Тағзым.

80 жыл – батырлық пен ерліктің мәңгілік символы.

Мәңгілік алау сөнбейді!

Бұл іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың жүрегіне бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру, Отан алдындағы борыш пен жауапкершілікті сезіндіру мақсаты жүзеге асты. Ұлы Жеңіс – ертеңімізге бағыт беретін ұлы рух, ұрпаққа үлгі болатын өшпес өнеге.