7 мамыр -Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні.

Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Осы күнге орай оқушыларды Ұлы Отанымызды сүюге, ерлік көрсеткен батырларымыздың бойындағы ержүректілік пен батылдық, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, бойларына сіңіру, өз Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында “Ерлік - ел намысы” тақырыбында 6 “ә” сыныбы мерекелік шара өткізді.

Шараға оқушылардың әкелері,ағалары қатысты. Шара барысында оқушылар әкелеріне арнап хат жолдап, өлең оқыды. Патриоттық әндер шырқалып, әкелерге сұрақтар қойып, балаларымен бірге тапсырмалар орындады.