Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты таза ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз. Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені ұжымы болашақ ұрпаққа үлгі болу жолында осындай экологиялық шараларды үнемі жүзеге асыруда. “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Ақтөбе облысы әкімдігі жариялаған екі айлық сенбілік жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат колледж” кешенінде 2025 жылдың 28 наурызынан бастап апта сайын сенбілік ұйымдастырылды:
28 наурызда мектеп ұжымы;
5 сәуірде орта буын әдістемелік бірлестігінің тәрбиешілері;
12 сәуірде эстетикалық және кәсіптік білім беру әдістемелік бірлестігі;
19 сәуірде Гуманитарлық пәндер бірлестігінің мұғалімдері ;
26 сәуірде коррекциялық пәндер әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері;
3 мамырда жоғары буын әдістемелік бірлестігінің тәрбиешілері;
10 мамыр күні бастауыш сынып мұғалімдері;
17 мамыр күні бастауыш буын әдістемелік бірлестігінің тәрбиешілері;
24 мамырда жаратылыстану және математика бағытындағы пәндер әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері, сондай-ақ, колледж студенттері де белсене қатысып, оқу орны аумағын тазалап, қоршаған ортаны күтіп ұстауға өз үлестерін қосты.
Ұжым мүшелері ауладағы қоқыстарды жинап, жасыл желекке қамқорлық көрсетіп, экологиялық мәдениетті насихаттауды басты мақсат етіп қойды. 🌱
Тазалық – әркімнің өзінен басталады.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1172-ekologiyaly-aktsiya-2.html#sigFreeId2b87b5a804







