2025 жылдың 5 мамырында оқу орнымызда студенттерге арналған тағылымды тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Иманғали Тәукешұлы Білтабановтың 100 жылдығына арналды.

Тәрбие сағатының мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезімді ояту, Отан қорғаушылардың ерлігін ұлықтау және ерлікке тағзым ету. Тәрбие сағаты барысында студенттерге соғыс жылдарындағы тарихи деректер, архивтік бейнематериалдар көрсетіліп, Білтабанов Иманғалидың ерлік жолы жайлы баяндалды. Жастар — ел үміті, бабалар аманатына адал ұрпақ! Осындай рухани тәрбиелік шаралар олардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.