«Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ бастауыш, орта буын және жоғары класс тәрбиешілері жазғы демалыс алдында “Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері” туралы тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға жазғы демалыс уақытында өздерін қауіп-қатерден қорғау жолдарын түсіндіру, жолда, су жағасында, үйде және қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ұғындыру. Балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру; демалыс кезінде туындауы мүмкін қауіпті жағдайлардан сақтандыру және оларды әртүрлі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету.
Ыстық ауа райы мен жазғы кезеңде өрт қаупінің жоғарылауын ескере отырып, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, оқушыларға жолда жүру, суға шомылу, даладағы және орман-тоғайлы аумақтағы қауіпсіздік ережелерді сақтаудың маңыздылығы жайлы ескертілді.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1177-zhaz-y-demalys-kezindegi-auipsizdik-erezheleri.html#sigFreeId6772397ede







