2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты бастауыш класс оқушыларына “Білімім- Отаныма!” атты класс сағаттары өткізілді.

Класс сағаттарында “Адал азамат” бір тұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына назар аударылып патриоттық сезімдердің қалыптастыру бағытына көңіл бөлінді.

Класс сағаты барысында мектепте алған білімдерін, болашақта Отанға, елге, туған жерге қосар үлестері туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Жазғы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.