2025 жыл — «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге атсалысып жүрген білім беру жүйесінің кіші техникалық қызметкерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапаттарды Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Б. Күзембаева салтанатты түрде табыстады.
Аталған шарада марапат алып, мінсіз еңбегі үшін мәртебелі құрметке ие болған “мектеп-интернат-колледж” кешенінің бас аспазы КОЖАБЕРГЕНОВА ЗИНАИДА КЕМЕЛЬХАНОВНАНЫ шын жүректен құттықтаймыз.
Зинаида Кемельхановна - 22 жыл еңбек өтілі бар, адал еңбегімен алғысқа бөленіп жүрген жан.
Аталған марапат - барша еңбек адамдарына деген үлкен құрмет деп білеміз.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1197-minsiz-e-bek-m-rtebeli-rmet.html#sigFreeId3519eabe0c







