Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ-де  өндірістік жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес 2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Жолдауы талқыланды.

Тарих пәні мұғалімі Д.Елеуова мектеп ұжымына Жолдау мазмұнын таныстырып өтті:

✅Жолдауда ел дамуының жаңа стратегиялық бағыты айқындалып, цифрлық мемлекет құру, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік әділдік пен халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері көтерілді.

✅Президент цифрландыруға ерекше басымдық беріп, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды ұсынды. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, экология, білім беру салаларына заманауи технологиялар мен жасанды интеллект енгізіледі.

✅ Сондай-ақ, білім беру саласында “Келешек мектептері”, Qazaq Digital Mektebi және Al-Sana бағдарламалары арқылы цифрлық трансформация жүзеге асырылатындығына тоқталды.

✅Жолдаудың түйінді идеясы – Жаңа Қазақстанды цифрлық, әділетті және жасампаз мемлекет ретінде дамыту. Сондай-ақ,  Президент атап көрсеткендей, заң мен тәртіпті нығайту, қоғамдық мәдениетті көтеру қажеттігін ерекше атап өтті.

Ұстаздар оны қолдап, білім беру жүйесіндегі бастамаларға оң баға берді. Олар Жолдауда көтерілген маңызды бастамалармен, әсіресе білім беру саласындағы цифрлық жаңғыру мен жасанды интеллектті енгізу мәселелерімен толық келісетіндіктерін атап өтті.

Мұғалімдер жасанды интеллектті тиімді қолдану тек білім саласында ғана емес, бүкіл қоғамда тәртіп пен мәдениетті қалыптастыруға ықпал етуі қажет екенін айтты. Қоғамда заң үстемдігі мен әдептілік басты құндылықтарға айналуы тиіс деген пікір білдіріп, әр азаматтың жауапкершілігі мен тәрбиесі отбасы мен мектептен басталуы қажет екенін ерекше атап өтті.

#жолдау2025