9.09.2025 ж.  2 “А”, 2 “Б” сыныптарында тәрбиеші А. Маханова «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Мақсаты:

✅ Оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіру,

✅ жол қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру,

✅ сақтыққа тәрбиелеу

Сынып сағаты барысында оқушылар жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның түстері мен олардың мағынасы, жол белгілері, жаяу жүргінші өткелі, жолдан өту ережелері туралы маңызды ақпарат алды.

Іс-шара барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

🔹 Тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап ойыны өткізілді;

🔹 «Қауіпсіз жол» тақырыбында сурет салу тапсырмасы берілді.

Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Тәрбиеші әр оқушының жауабына назар аударып, олардың қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы түсініктерін тереңдетті.

Сынып сағатының соңында оқушылар жолда жүру ережелерін сақтау — тек өз өміріңді емес, өзгелердің де қауіпсіздігін сақтау екенін түсінді, оқушыларға тәртіпті, абай болудың маңыздылығы ұғындырылды.