2025 жылдың 17 қыркүйегінде «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Құрманов Айбек Болатұлы “Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені” КММ-нің 8–10-сынып оқушылары және колледж студенттерімен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға діннің адамгершілік, мейірімділік, адалдық сияқты маңызды құндылықтарды насихаттайтыны, сондай-ақ жастардың мінез-құлқы мен дүниетанымын қалыптастыруға көмектесетіні туралы құнды ақпараттар берілді.

Оқушылар кері байланысқа шығып, өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.