1 қазан – Қарттар күні. Бұл күн — өмірден көргені мен түйгені көп қарияларға терең құрметіміз бен алғысымызды білдіретін ерекше күн. Олардың өмір жолдары – өскелең ұрпаққа үлгі, еңбек жолы – табандылық пен адалдықтың айқын көрінісі.
Аталған мереке қарсаңында Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің құрметті ардагер қызметкерлері мен ұстаздарын директор Г.Шакенова құттықтап, мектеп-интернат-колледждің қалыптасуы мен дамуына қосқан өлшеусіз үлестері үшін ұжым атынан алғысын білдірді.
Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан ұзақ жылдар бойы мекемеде қызмет атқарған ардагер қызметкер Тоғызбаева Ұлмекен апайымызды және математика пәнінен сабақ беріп, оқушылар мен ата-аналардың құрметіне бөленген Мұқатова Бақытжамал апайды арнайы құттықтады.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1223-ardagerlerge-rmet.html#sigFreeId31e55af2be







