21 қазан 2025 жылы оқу орнымызда «Отбасылық құндылықтарды насихаттау және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шараға облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Шүкірова Еркін Жандоллақызы, Сурбаева Майра Измукановна, №4 қалалық емхананың дәрігері Айтқұлова Алмагүл Агапиловна және психолог Байменшина Адемау Амангельдиновна қатысты.
Қонақтар жасөспірімдерге отбасы құндылықтарының мәні, ерте жүктіліктің салдары мен денсаулыққа жауапкершілік туралы кеңінен әңгімеледі.
Психолог бейнеролик көрсетіп, өмірлік маңызды тақырыптарды бірге талқылады.
Іс-шара жасөспірімдерге ой салып, өз болашағына саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1236-otbasyly-ndyly-tardy-nasikhattau-zh-ne-erte-zh-ktilikti-aldyn-alu.html#sigFreeId2972d33645







