Жоғары класс оқушыларына «Дін және экстремизм» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға дін туралы дұрыс түсінік беру, оның адам өміріндегі орны мен маңызын түсіндіру, экстремизм ұғымы мен оның қауіптілігі жайлы ақпарат беру, дін атын жамылған теріс ағымдардан сақтануды үйрету болды.

Іс-шара барысында бейнематериалдар көрсетіліп, оқушылар белсенді түрде пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді. Тәрбие сағаты оқушыларды бейбіт өмірге, төзімділікке, адамгершілік пен рухани құндылықтарға баулуды көздеді.