2025 жылдың 24 қазан күні интернеттегі қауіпсіздікті сақтау, балаларды онлайн кеңістіктегі түрлі қауіптерден қорғау және ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін үйрету мақсатында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” атты кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ата-аналар цифрлық қауіпсіздік туралы жан-жақты мәлімет алып, оны отбасында қолдану жолдарымен танысты. Сонымен қатар цифрлық ортадағы стратегиялық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді. Ең бастысы – ата-ана мен бала арасындағы ашық диалог орнату және сенімді қарым-қатынасты қалыптастырудың онлайн қауіптердің алдын алуда шешуші рөл атқаратыны ерекше атап өтілді.

Ата-аналарға тренинг өткізіліп, цифрлық қауіптер, зиянды контент, груминг (бейтаныс адамның алдап арбауы), интернет-алаяқтық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында топтық жұмыс ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, баламен қарым-қатынас орнату, отбасындағы бақылау және онлайн тәрбие мәселелерін талқылады. Ата-аналармен түрлі ойындар ойналып, рефлексия жүргізілді.

Шараны ұйымдастырған педагогтар – Г. Ахаева, С. Ермағанбетова, Ж. Мукашева, А. Молдагереева, Г. Шағатаева өздерінің кәсіби жауапкершілігі мен ізденістерін көрсетіп, кездесудің тиімді өтуіне үлес қосты.

Ризашылықтарын білдірген ата-аналар балалардың мектептегі жетістіктерін атап өтіп, мектеп ұжымына алғыстарын жеткізді.