2025 жылғы 22 қазан күні «Инабат» қыз балалар клубының жетекшісі С. Нурушева және мектеп дәрігері У. Табанова 8-10 сынып және колледж топтарының қыздар арасында отырыс өткізіп,

  • Ерте неке және оның салдары;

  • Жеке гигиена, тері күтімі;

Ұқыпты көрініс пен киімге күтім жасау туралы жан- жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты: Жасөспірімдерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды, жеке гигиена мен сыртқы көрініс мәдениетін қалыптастыру және ерте некенің қауіпті жақтарын түсіндіру.

Шара барысында сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу ұйымдастырылды, бейнематериалдар көрсетілді. Қыздар ұйымының мүшелері белсенділік танытып, іс-шараның сәтті өтуіне үлес қосты.