Қазан айында жоғары буын оқушыларына және колледж студенттеріне арналған мамандыққа бейімдеу бағытында «Мамандыққа жол» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандықтар туралы нақты түсінік беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби бағыт-бағдар қалыптастыру, әрі мамандық таңдаудағы маңызды шешімдер қабылдауға көмектесу.
Бұл шарада оқушыларға түрлі мамандықтар туралы қысқаша видео сабақтар көрсетіліп, болашақта таңдауға болатын мамандықтар жөнінде мағлұмат берілді.
Мамандық таңдау – адамның өмір жолын айқындайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Дұрыс таңдалған мамандық тұлғаның қабілетін ашып, арманына жетуіне, қоғамға пайда әкелуіне мүмкіндік береді. Өз қызығушылығы мен бейімін ескеріп жасаған таңдау адамды алдағы өмірінде рухани қанағаттандырып, табысқа жетелейді. Ал асығыс немесе ойланбай қабылданған шешім керісінше кәсіби қиындықтарға, көңіл толмаушылыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандықты саналы түрде таңдау – болашаққа жасалған ең маңызды қадам.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1251-mamandy-a-zhol.html#sigFreeId8d4aa751e1







