Бастауыш буын оқушылары үшін күзгі демалыс – көңілді ойындар мен серуенге толы кезең. Алайда дәл осы уақытта әр баланың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Осы мақсатта тәрбиешілер  М.Тлеу есту қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларымен, Қыдыралина Б.Ж. көру қабілетінде бұзылыстары бар бастауыш буын оқушыларымен «Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында мазмұнды қауіпсіздік сағатын өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға демалыс кезінде өзін дұрыс және қауіпсіз ұстауды үйрету.

Балаларға:

  • жолда жүру ережелерін сақтау;

  • үйдегі тұрмыстық техникамен жұмыс істегенде абай болу;

  • электр құралдары мен өткір заттардың қауіптілігін түсіну;

  • жалғыз серуендемеу және бейтаныс адамдармен сөйлеспеу;

  • қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау;

  • төтенше жағдайда кімге хабарласу керектігі туралы толық мәлімет берілді.

Сабақ барысында оқушылар бейнероликтер көріп, түрлі жағдайларға байланысты сұрақ-жауап арқылы өз ойларын ортаға салды. Қауіп төнуі мүмкін мысалдар талданды, оларды болдырмау жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін бекіте түсу мақсатында рөлдік ойындар мен шағын жаттығулар жүргізілді. Оқушыларға демалыс алдындағы сақтық шараларын еске түсіріп, қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын жан-жақты түсіндірді. Балалардың ерекшеліктері ескеріле отырып, ақпарат қолжетімді форматта ұсынылып, қауіпсіздік ережелері қайта бекітілді.