16 қазан күні жоғары буын оқушылары және колледж студенттеріне «Діни атрибуттар мен киім үлгісіндегі мәдени ерекшеліктер: хиджап, паранжа, қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Оқушыларға киім мен сыртқы келбеттегі діни элементтердің мәнін түсіндіру, зайырлы мемлекет қағидаларын сақтау, өзге көзқарастарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Шара барысында қатысушыларға зайырлы қоғамдағы азаматтық киім мәдениетімен салыстыра отырып, діни киім түрлері - хиджап, паранжа, қысқа балақты шалбар, сақал қою туралы ақпарат берілді. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту, өз пікірін мәдениетті түрде білдіруге үйрету мақсатында сұрақ - жауап арқылы пікір алысу болды.