2025 жылдың 14 қарашасында Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп - интернат - колледж" кешенінде студенттерге "Мен және менің болашағым" атты сабақ өткізілді.

Мақсаты: студенттердің бойында кездесетін қобалжу, мазасыздық деңгейін азайту, өзіне деген сенімін арттыру.

Сабақ барысында психологиялық тренингтер, сергіту жаттығулары, топтық жұмыстар және пікір алмасу ұйымдастырылды. Студенттер өз ойларын еркін білдіріп, болашақтағы мақсаттары мен армандары туралы бөлісті.