26 - шы қарашада көру қабілетінде бұзылысы бар бастауыш буын бірлестігінің ата - аналары үшін жоспарға сәйкес "Мен өзім істеймін!" тақырыбында шебер - класс өткізілді. Ата - аналарға баланың дербестігін, өзіне - өзі қызмет көрсету және күнделікті өмірлік дағдыларын дамытуға арналған тиімді әдістерді таныстыру мақсатында өткен іс - шара барысында:

• баланың дербестігін қалыптастырудағы негізгі қағидалар түсіндірілді;

• тактильді және есту арқылы үйрету әдістері көрсетілді;

• «қол - қолдың астында» әдісі және «сағат әдісі» тәжірибе арқылы үйретілді;

• тактильді/заттық күн тәртібі кестесін құрастыру жолдары таныстырылды.

Практикалық бөлімде ата - аналар тактильді материалдармен жұмыс істеп, ұсынылған әдістерді өздері орындап көрді. Шебер - класс ата - аналар тарапынан оң бағаланып, берілген тәсілдердің үй жағдайында қолдануға қолайлы әрі тиімді екендігі атап өтілді.

Іс - шара мақсаты толық орындалды.