28 қараша 2025 жылы Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп - интернат - колледж» кешені КММ - нің мәжіліс залында «Жалпы заң және тәртіп - қоғам негізі» тақырыбында түсіндіру сабағы өткізілді.

Қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықбұзушылықтардың алдын алу, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру, сондай - ақ өскелең ұрпақ бойында заңға және қоғамға құрметті көзқарасты қалыптастыру мақсатында полиция инспекторы лейтенант А.Егізбаева, полиция майоры К.Днимов әңгімелер, лекциялар өткізді.

Аталған акция «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау жұмысы аясында ұйымдастырылды.