2025 жылдың 18 караша күні "Инабат" қыздар ұйымының жоспарына сәйкес клуб жетекшісі С.Нурушева мен мектеп психологы А.Шакибаева «Қыз әдебі – қылық пен парасат» атты үйірме сабағын өткізді.
Үйірме жұмысының мақсаты – қыз балалардың ұлттық тәлім-тәрбиесін нығайту, әдептілік пен парасаттылыққа баулу, олардың өзіндік мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық дамуына психологиялық қолдау көрсету.
Сабақ барысында қыздарға арналған әдеп нормалары, жүріс-тұрыс мәдениеті, сөйлесу әдебі, өзін ұстау, сыртқы келбетіне күтім жасау, үлкенді құрметтеу секілді қыз балаға тән негізгі ұстанымдар түсіндірілді.
Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлердің қыз тәрбиесіндегі рөлі талқыланып, қатысушылардың ой-пікірі тыңдалды.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1298-yz-debi-yly-pen-parasat.html#sigFreeIdb9bce1d19b







