Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орай Ақтөбе облыстық "мектеп-интернат-колледж" кешенінде жоғарғы буын оқушылары мен колледж студенттері арасында тәрбие сағаты өтті.
Шара барысында жастарға аурудың алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын сақтау маңызы түсіндіріліп, ақпараттық бейнематериалдар көрсетілді.
Іс-шара жастардың білімін арттырып, жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.