2026 жылдың 26 қараша күні «Инабат» қыздар ұйымының жетекшісі С.Т.Нурушeва және мектептің медбикесі А. Ескалиева ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің қауіптілігі» тақырыбында 8-10 сынып және колледж студент қыздарымен тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға ерте жүктіліктің денсаулыққа, психологиялық және әлеуметтік жағдайға тигізетін зиянды әсерлері жөнінде түсінік беру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Міндеттері:
– Ерте жүктіліктің негізгі қауіп-қатерлерін түсіндіру;
– Жасөспірім қыздарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрету;
– Саналы шешім қабылдауға, өзін-өзі қорғау мәдениетіне тәрбиелеу.
Іс-шара барысында медбике ерте жүктілік кезінде кездесетін медициналық қауіптер туралы ақпарат беріп, жетекшілер оқушылармен пікір алмасу, сұрақ-жауап жүргізді.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1314-erte-zh-ktilikti-auiptiligi-ta-yrybynda-t-rbie-sa-aty.html#sigFreeId6bbadbeb00







