Тәуелсіздік — кез келген мемлекет үшін ең қастерлі және баға жетпес құндылық. Ал оның берік тірегі, мызғымас тұғыры – халықтың бірлігі мен ынтымағы.
Бірлік — бұл жалпы халықтың, әртүрлі этностар мен дін өкілдерінің ортақ мақсатқа, яғни Қазақстанның өркендеуі жолындағы ауызбіршілігі мен ұйысуы.
​Ынтымақ — қоғамдағы татулық, өзара түсіністік және сыйластық.
1 желтоқсан күні 8 «А» класында "Тәуелсіздік негізі -бірлік және ынтымақ" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:
Оқушылардың туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу.
Оқушыларға тәуелсіздікті мәңгілік ету үшін бірлік пен ынтымақты көздің қарашығындай сақтап, әр азамат оны өзінің борышы деп білуі керекігі туралы мағлұмат берілді.
Аталған тақырыпта тәрбие сағатын А.Балжанова көру қабілетінде бұзылыстары бар бастауыш буын оқушыларына өткізді.
Мақсаты:
Оқушыларға еліміздің тарихы туралы мәліметтер беру;
оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу;
туған жерін, Отанын қорғау - әрбір адамның міндеті екенін түсіндіру.