Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акцияның соңғы күнінде "Ақтөбе облысы әйелдерінің аграрлық одағы" ҚБ басшысы Шукурова Еркін Жандуллақызы облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі ретінде психолог Адемау Амангелдіқызы Байменшинамен бірге Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің студенттері және 9–10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Цифрлық зорлық-зомбылықтың түрлері, адамдық құндылықтар және жеке қауіпсіздік мәдениеті туралы кең көлемді ақпарат беріп, психологиялық тренинг өткізді.
Кездесу соңында «Отбасы құндылықтары» тақырыбындағы кітаптар мен білім беру ұйымдарындағы буллингтің алдын алуға арналған ақпараттық құралдарды тарту етті.
Жастардың қауіпсіз ортада өсуі мен олардың саналы тұлға болып қалыптасуы – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Мұндай кездесулер зорлық-зомбылықтың алдын алуда және жасөспірімдердің құқықтық әрі психологиялық сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.