2019 жылдың 15 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде бастауыш кластыра тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігі Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арнап мектепішілік "Маma mia" байқауын өткізді.
Үш кезеңнен тұратын байқауға 0-4 кластарының қыз балалары аналарымен бірге қатысып, жан-жақтылығын көрсетті. Сайыс шарттарына сәйкес, байқау қатысушылары сүйікті қаламыз Ақтөбе туралы жүрекжарды өлең жолдарын оқып, қаламыздың мерейтойына арнайы дайындаған қолөнер бұйымдарын ұсынды. Үшінші кезеңде анасы мен қызы сәні мен салтанаты үйлесе отырып, ым-ишара тілінде əндер орындады.
Қатысушылардың дайындығы, сахна мәдениетін сақтауы, сахналық образы, ым-ишара тілінің мәнерлілігін сарапқа салған қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды 0"а" класс оқушысы ШЫНБЕРГЕНОВА ТОМИРИС, 2-орынды 2"ə"класс оқушысы МАҚСАТҚЫЗЫ ЖЕҢІСКҮЛ, 3-орынды 0"а" класс оқушысы ƏКІМЖАН АЯЖАН және АМАНҒОСҚЫЗЫ ҚАМАРСҰЛУ иеленді.
https://sch.edugov.kz/kz/247/133-mama-mia-baj-auy.html#sigFreeId3f0fddfe39







