2026 жылғы 19 қаңтар күні мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
4 «Ә» сыныбында тәрбиеші С. Оразбаева аталған тақырыпта тәрбие сағатын ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары және қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсінік берілді. Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы дұрыс және бұрыс әрекеттердің айырмашылығы түсіндіріліп, балалар өзара сыйластық, достық және адамгершілік құндылықтары жөнінде пікір алмасты.
Сол күні 5 «Ә» сыныбында тәрбиеші А.Т. Искаирова да «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру болды. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға өз құқықтарын білу, өзін қорғау және қиын жағдайларда көмек сұрай білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар түрлі тапсырмалар орындалып, жағдаяттық сұрақтар талқыланды.
Өткізілген тәрбие сағаттары оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті. Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1332-zorly-zombyly-syz-balaly-sha-ta-yrybynda-t-rbie-sa-attary.html#sigFreeIdcf1e074a3a







