Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж"кешенінің оқушылары Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек сарайында өткен Президенттік жаңа жыл шыршасына қатысты.
Бұл ерекше мерекеге облыс әкімі Асхат Шахаров пен өңірдің қала,аудандарынан жиналған 180 бала қатысты.
Оқушыларымыз мерекелік шарадан әсерлі оралды. Олар жылқы жылына арналған театрландырылған қойылымды тамашалап, қазақтың бай ертегілері мен танымал мультфильмдер әлеміне қызықты саяхат жасады. Сондай-ақ, балалар Аяз Ата мен Ақшақар және сүйікті кейіпкерлерімен бірге түрлі ойындар ойнап, қызықты тапсырмалар орындады.
Әрбір сәт шат күлкі мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болды. Мереке барысында облыс әкімі Асхат Шахаров балаларды Жаңа жылмен құттықтап, оларға зор денсаулық, оқуда табыс және өз күшіне сенімділік тіледі. Сондай-ақ, ҚРПрезиденті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1345-o-ushylar-prezidenttik-zha-a-zhyl-shyrshasyna-atysty.html#sigFreeIdd6bcdfb2e1







