Жоғарғы буын оқушылары арасында «Қоғамдық мүлікті қорғау» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында қоғамдық мүліктің қоғам өміріндегі маңызы, оны сақтау мен қорғаудың азаматтық жауапкершілік екені туралы айтылды.
Оқушылар қоғамдық орындардағы тәртіп, ортақ мүлікке ұқыпты қарау, заң талаптарын сақтау жөнінде пікір алмасып, нақты өмірлік мысалдар арқылы өз ойларын ортаға салды.
Тәрбие сағаты жасөспірімдердің жауапкершілік сезімін арттырып, қоғамдық сана қалыптастыруға бағытталды.
Қоғамдық мүлік – халықтың ортақ байлығы.
Оны қорғау – әрқайсымыздың борышымыз.