2026 ж. 09 ақпанында 102 тобының тәрбиешісі Н.С.Жанболатова жоғары буын оқушылары және колледж студенттері арасында «Сен және заң» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Жасөспірімдерге Заңның қоғамдағы рөлін түсіндіру, әр азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы білімін арттыру, заңды сақтаудың маңызын ұғындыру, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, азаматтық сананы дамыту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында тест сұрақтары бойынша тақырыпқа байланысты викторина жүргізілді. Білім алушылар сабаққа белсене қатысып, қойылған сұрақтарға толық жауап беру арқылы заң аясындағы білімдерін шыңдай түсті.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1362-sen-zh-ne-za-ta-yrybynda-t-rbie-sa-aty.html#sigFreeId8e379c59c4







