Жоғары буын және колледж студенттерінің қауіпсіздігі мен өмірін қорғау мәселелеріне арналған «Баланың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ міндет» тақырыбындағы кезекті жиналыс ЗУМ платформасында 13 ақпан күні өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібі:
1.Интернет қауіпсіздігі: Баланың әлеуметтік желідегі белсенділігін бақылау және «кибербуллингтен» қорғау жолдары.
Исмагилова Г.С. - 201 “Т” тобының кураторы
2. Көше және жол қауіпсіздігі: Кешкі уақытта балалардың жүріс-тұрысы және жол ережелерін сақтау -
тәрбиешілер Сейтжапарова Г. , Культемирова М.
3. Мектептің ішкі тәртібі: Мектеп аумағына тыйым салынған заттарды (өткір заттар, электронды темекі, зиянды заттар т.б.) әкелмеуін қатаң қадағалау.
Кульниязова Л. -әлеуметтік педагог
4.Құрдастар арасындағы қарым-қатынас: Жасөспірімдер арасындағы буллинг (қорқыту, шеттету) мәселесі және оның алдын алу жолдары.
Шакибаева А.- педагог-психолог
Жиналыста талқыланған мәселелер жасөспірімдердің мектептегі және қоғамдық орындарда қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталды.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1363-balany-auipsizdigi-barshamyz-a-orta-mindet.html#sigFreeId2031c79edc







