2026 жылдың 23 ақпан күні жоғары және орта буын оқушыларымен “Діни экстремизмнің алдын алу” тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға діни экстремизм мен терроризм қаупін түсіндіру, жат ағымдардың арбауынан сақтандыру ,оқушы бойына рухани -адамгершілік құндылықтарды нығайту. Сонымен қатар, жастарды отансүйгіштікке, толеранттылыққа және өзара құрметке тәрбиелеу, діни сенім бостандығы мен қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау маңыздылығын түсіндіру.
Ақпараттық сағат барысында оқушыларға діни экстремизмнің зияны, оның қоғамға және жеке адамға тигізетін жағымсыз әсерлері туралы нақты мысалдар келтіріліп, оларды дұрыс діни сенім мен моральдық-этикалық қағидаларға негізделген өмір салтын ұстануға бағыттау көзделді.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1376-dini-ekstremizmni-aldyn-alu-a-paratty-sa-aty.html#sigFreeIde83b1e2f05







