2026 жылдың 26 ақпанында “Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені” КММ (директоры Г. К. Шакенова) және «Асыл мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы” КММ (директоры А.Е.Испанова ) өзара әріптестік Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты:
Аутизм спектрі бар балалармен жұмыс жасайтын педагогтарға жүйелі психологиялық қолдау көрсету, олардың кәсіби әлеуетін арттыру және өзара тәжірибе алмасуға арналған тұрақты ынтымақтастық алаңын қалыптастыру.
Аталған келісім – мамандардың кәсіби дамуына, өзара қолдау мәдениетін нығайтуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1383-riptestik-memorandum-2.html#sigFreeIdc01b477326







