«Таза сессия» акциясы жоспарына сәйкес «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны Директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары: А.Уразова, Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция майоры К. Днимов пен полиция инспекторы С.М. Жармаганбетовпен бірлесіп жүргізді.
Шараның негізгі мақсаты – құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіру, жастарды заң талаптарын сақтауға шақыру және заңды құрметтеуге тәрбиелеу. Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, білім алушыларға құқық бұзушылықтың салдары, қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік шараларын ұстану қажеттігі түсіндірілді. Дәріс барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға бағытталған. Заңды білу – әр азаматтың міндеті, ал оны сақтау – ел болашағына деген жауапкершілік болып табылады.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1385-za-dy-bilu-zaman-talaby.html#sigFreeIdfee48f7cce







